Қараша айының 23-і күні, №2 Красный Яр орта мектебінде «Қазақ елі – мәңгілік ел» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты жабылу кеші өтті. Аталмыш іс-шараға Ақмола облысы «Тілдерді» оқыту орталығының маманы Бибігүл Хайырбекқызы Даирова, Ақмола облысы «Көкшетау» телеарнасының редакторы Айгүл Бекетқызы Мырзақұлова, «Көкше» мәдениет үйінің талантты әншісі Азамат Қадылұлы шақыртылды. Іс-шарамызда апталық жоспары бойынша «Латын әліпбиі – заман талабы» атты дөңгелек үстел, шығарма, эссе жазу, мәнерлеп өлең оқу сайыстары ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар латын ғарпіне байланысты толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Дөңгелек үстел өте қызықты, тартымды өтті. Кеш барысында апталықта өткізілген іс-шараларға белсенді қатысып, орын алған оқушылар марапатталды. Жалпы оқушылар мен ата-аналар қазақ сыныптарындағы «Қазақ елі – мәңгілік ел» атты апталық жоғары әдістемелік деңгейде өтті деп санайды.
https://www.instagram.com/p/Bqh79d0BFVA/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=ui4a95g4erv9