"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Өзін-өзі тану мұғалімдерінің ӘБ / 2020-2021

Красный Яр ауылының « № 2 жалпы білім беретің мектебі»КММ

«Өзін-өзі тану :Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы онкүндігінің

Есебі

Ақпанның екісі мен он екісі аралығында мектебімізде

 «Өзін-өзі тану :Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  атты  онкүндігі өтті

Онкүндіктің алғашқы күні  жоспарымыз бойынша іс шараның салтанатты ашылуы қашықтықтан  өтті Сонымен қатар .  «Өзін –өзі тану», «Рухани білім беру» бағдарламасының авторы туралы оқушыларға бейнефильмдер  көрсетілді.

Онкүндіктің екінші күні «Алтын жүрек» атты » құттықтау челленджі басталып сыныптан сыныпқа эстафетасы жолданды.Бұл челлендждың негізгі мақсаты:   «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолымен, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларымен таныстыру,
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру..
- Жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеуболды.Бұл іс-шараға оқушылар үлкен жауапкершілікпен қатысып белсенділіктері де арта түсті.

Онкүндігіміздің үшінші күні   мектебімізде  бастауыш сынып оқушылары арасында «Мейірім сәулесі » атты  шығармашылық  қашықтық акциясы өтті.

Акцияның негізгі  мақсаты:  махаббатқа негізделген әлемге деген көзқарасты нығайту.Мейірімділік бізді жанашыр , қамқор болуға ықпалын тигізеді.Жақсы адамды  бәрі жақсы көреді .Мұндай іс-шаралар субұрқақтың дамуына ,шығармашылықтың көрінісіне ықпал етеді,балалардың жүрегінде достық,махаббат,мейірімділік және қамқорлық сияқты қасиеттерді тәрбиелейді.Оқушылар өздерінің  салған суреттері арқылы қайырымды болуға шақырды. Әр оқушы өзінің ойын сурет арқылы көрсетті.

Онкүндігіміздің төртінші күні    мектебімізде  ата-аналарға арналған  «Отбасы адамгершілік пен руханияттың қайнар көзі » атты   қашықтық  тренингтер  өтті.

Токушева Женисгуль Кабдыровна «Отбасы бақытына жетелейтін 15 ереже » атты тренинг ұйымдастырды. Мажикова Салтанат Сансызбаевна «Отбасы құндылықтары »туралы бейне фильм көрсетті.

Минько Ирина Анатольевна мен Кажигалиева Данагуль Галиевна ата-аналармен zoom платформасы арқылы кездесіп Отбасындағы рухани адамгершілік тәрбиесі» туралы әңгімелесіп ой бөлісті.

Бұл іс шаралардың негізгі мақсаты : Отбасындағы тәрбие.Отбасы - кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі.  Отбасылық құндылықтарының мәуелі бәйтерегі ол ана. Ана өз ұрпағына дұрыс жолды меңзеп, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, рухани бай болуымызға,септігін тигізеді. Ананы әр үйдің шам-шырағы, жанған бағы, құндылықтардың негізін салушы деуге болады.

Онкүндігіміздің  бесінші күні  мектебімізде  өзін-өзі тану  пән мұғалімдері мен оқушылары Әл-Фараби  атындағы ІТ  мектеп-лицейінің "Өзін-өзі тану маржандары" атты челленджін қабыл алып    Гуманитарлық- техникалық лицейдің оқушыларына эстафетаны тапсырды.

Бастауыш сынып мұғалімі Токушева Ж.К 2а сыныбында « Мейірімді жүрек» тақырыбында қашықтықтан  ашық сабақ өтті.Балалар сабақ барысында мейірімділік, сүйіспеншілік , адалдық жайлы өз ойларын ортаға салды.Сонымен қатар өлеңдер айтылып, тақпақтар айтылды, суреттер салынды.Әр баланың

бойында адамгершілік қасиеттері орын алды .

Мектебімізде  орта буын  оқушылары арасында «Бақыт ұясы » атты  шығармашылық  жобалар сайысы өтті.

Сайыстың негізгі  мақсаты:  Оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру және қолдау.Балалар өте белсенді қатысып, өз қиялдары мен армандарын  суреттер мен макеттерінде  көрсетті.Әр оқушы бұл сайыста өзінің үлкен шығармашылығын  танытты.

Онкүндік аясында мектепте оқушылар үшін балалар шығармашылығының байқауы, "Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" өтті. Байқаудың басты мақсаты жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиеге тәрбиелеу, өз халқына, өз Отанына деген патриотизм мен сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ балалардың көркем шығармашылығын дамыту және танымал етуге жәрдемдесу болып табылады. Мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары "адамгершілік пен руханияттың  бұлағы"байқауына оқушылар  белсенді қатысты.

  • 8-11 сынып оқушылары арасында "Махаббатқа толы жүрек"тақырыбына эссе  байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты: балаларда сұлулық сезімін дамыту, айналадағылардың бәріне сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал ету, Әлемді оң қабылдауға үйрету, туыстарына, достарына, құрбыларына  сүйіспеншілік көрсетуге деген ұмтылысты тәрбиелеу. Балалардың жұмыстары шынайылықпен ерекшеленді, жан-тәнімен жазылды, әр шығарма өзінше қызықты болды.

12 ақпан күні мектебінде Өзін-өзі танудан қашықтықтан Республикалық бірыңғай«Махаббат үшін өмір» атты  сабағы өткізілді 

Мақсаты: "Риясыз махаббат" ұғымын махаббаттың жалпыадамзаттық құндылығы арқылы ашу.

 Бұл  сабақтан оқушылар Сара Алпысқызы Назарбаева есімді тамаша әйел туралы көп мағлұматтар алды. Өз халқының тағдырына бей-жай қарамайтын,  Сара Алпысқызы балалар үйінің дамуы мен гүлденуіне үлкен үлесін  қосқаның білді. Көмекке мұқтаж барлық мүгедек балаларға ол жүрегінің бір бөлігін арнағаны туралы ақпараттар алды. Мектебіміздің оқушылары  Сара Алпысқызы Назарбаеваны туған күнімен шын жүректен құттықтап,  оған көп қуаныш пен махаббат және ұзақ ғұмыр тіледі.

Жаңартылған күні: 29.05.2019 10:57
Құрылған күні: 16.02.2021 18:27

https://5bf7b0e5a2a6410bb6e81a7b0671f873.elf.site

16.09.2024 күні 5-8 сыныбында «Буллингтен қорған» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: - балалардың қорлау, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру; - қорқыту жағдайларынан шығу жолдарын табу қабілетін дамыту; - құрбылар

Ұйымдар тізімі
Текст