Ақмола облысы білім бөлімінің Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» 
Ақмола облысы білім бөлімінің Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас маман-2019

№ 2 Красный Яр орта мектебінде 13-22 мамыр аралығында  «Жас маман-2019 » апталығы өтті.

 Мектептің жоспарына сәйкес жас ұстаздарды ортаға бейімдеу, оларға әдістемелік көмек көрсету және педагогикалық шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс шара екі кезеңнен тұрды .

Бірінші кезең 13-18 мамыр аралығында ашық сабақтар өткізу.

Екінші кезең 22 мамыр күні «Жас маман-2019» байқауына қатысу. Мектебіміздің төрт жас маманы аталмыш іс-шараға белсенді қатысты.

Мамыр айының 13-18 аралығында жас мамандарымыз сабақтарын қызықты  әрі тартымды өткізді.   Сабақтарында жаңаша әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технологияларды орынды  қолдана отырып өткізді .Екінші кезеңде  жас мамандарымыз өзара қызу сайыс додасына түсіп жарысты.Сайыс «Өзің-өзі таныстыру...»  , «Менің хоббиім»,«Неліктен мұғалім мамандығын тандадым? », «Шығармашылық» кезеңнен тұрды.
Жас ұстаздар арасындағы жарыс өте тартысты өтті.Жас мамандарымыз білімдерімен қатар өз өнерлерін ортаға сала білді. Би де биленіп,ән айтылды. Қатысушыларымыз өздерін әр қырларынан көрсете білді, сайыс барысында өздерінің жеңіске деген жігерлілігін танытты. 
 Жарыс қортындысы бойынша І-орынды  информатика мұғалімі Семенов Сергей  Владимирович , ІІ-орынды  ағылшын тілі мұғалімі Аубакиров Луар Кайратович ,  ІІІ-орынды технология мұғалімі Азденбаева Жанкумис Сейтхасеновна мен мектеп алды даярлық сынып мұғалімі Боровик Людмила Александровна иеленді. Женімпаздарымызды құттықтай отырып ,шығармашылық табыс тілейміз.


Текст