"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

https://5bf7b0e5a2a6410bb6e81a7b0671f873.elf.site
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№2 Красный Яр орта мектебінің 2020-2021 оқу жылында « Мәңгілік елімінің – мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігінің есебі.

№2 Красный Яр орта мектебінің 2020-2021 оқу жылында
« Мәңгілік елімінің – мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігінің есебі.

       №2 Красный Яр орта мектебінде  4-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігі өтті. Бұл онкүндікте  іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» онкүндік аясында Көкшетау қаласы білім бөлімінің бекітілген жоспарына сәйкес мектепішілік жоспар құрылып,мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын  халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
      Онкүндіктің бірінші күні «Тіл-татулық тірегі» атты челленджбен ашылды. 5-7 сынып оқушылары белсенділік танытып, үш тілде өлең,қарасөз оқып, өз шеберліктерін паш етті. Бірінші орын алған оқушылардың бейнероликтері мектеп инстаграмына жүктелді. Ескиндиров Арсен 6 «А» сынып оқушысы «Родной язык» І орын, Смамбаева Альджазира 7 «А» сынып   «Ана тілі» І орын,Сайран Гүлден 7 «А»сынып   «My native language» І орын, Смамбаева Альджазира 7 «А» «Четыри матери» І орын, Лыткин Александр «Ана тілі» І орын. Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артып,елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғарлады.

        7 қыркүйекте қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А.Құнанбаевтың  175 жылдық мерейтойына  арналған «Абай мұрасы-халық қазынасы» атты презентациялар, деректі фильмдер көрсетілді. Бұл шараның басты мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып»,Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту. «Сөз патшасы-өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу. Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау болды.

                                 «Абай мұрасы-халық қазынасы»

8 мен 14 қыркүйек аралығында «Тіл- достықтың алтын көпірі» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті. Қазақ сыныптар арасында 5-7 сынып оқушылары белсенділік танытты. Қатысушылар арасынан жүлделі орындар иеленген оқушылар: Сайран Гүлден 7-сынып (мұғалімі Аскарова Ж.Ж.), Халел Нұрай 5-сынып (мұғалімі Аскарова Ж.Ж.), Серікболатұлы Ермұхамед 6-сынып (мұғалімі Махыметова Ж.А) оқушыларының жіберген бейнероликтері жақсы деп танылып,  соның нәтижесінде мектепішілік ортақ бейнеролик жасалды.

Орыс сыныптары арасында өткен сайыстың нәтижесі: Майер Элина 7-сынып (мұғалімі Ескендирова С.Б.) І орын, Козырев Илья 5-сынып ІІ орын (мұғалімі Мейрамова А.Ж.),Передните Ангелина 6-сынып және Боргуль Дмитрий ІІІ орын  5-сынып (мұғалімі Мажикова С.С.)

 

 

 

15 қыркүйекте «Ана тілі және өзге халықтың тілдерін сыйлау- әр азаматтың міндеті» тақырыбы бойынша эссе жазу сайысы өтті. Жоғары сынып оқушылары эссе жазуда өз білімдерін шыңдады. 10-11 сынып оқушылары арасынан жүзден жүйрік атанған: Казизтаева Ақниет І орын 11-сынып (мұғалімі Жапенова А.С), Ворсина Милана ІІ орын 10-сынып (мұғалімі Аскарова Ж.Ж.), Қали Мадина ІІІ орын 11-сынып ( Мұғалімі Жапенова А.С.).

     Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы" деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту әр азаматтың парызы.

   «Ана тілі және өзге халықтың тілдерін сыйлау- әр азаматтың міндеті»эссе жазу

    15 қыркүйекте «Дана Абай туралы не білеміз?» атты  8-9 сынып оқушылары арасында викторина ЗУМ платформасы арқылы өтті. Викторина 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде өмірбаянына қатысты сұрақтар легі. Екінші кезеңде шығармашылығына байланысты сұрақтар мен ребустар. Үшінші кезеңде қара сөздеріне қатысты сұрақтар болды. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, ұлы кемеңгер Абай атамыз туралы көп мәліметтер,қызықты деректер алды

     Онкүндік аясында өткен шаралар оқушылар  жүрегіне жол тауып, аз да болса, өз ізін қалдырды. Биылғы оқу жылының форматы өзгергеніне қарамастан оқушылар жоспарланған іс-шараларға қатысып, белсенділік танытты. Ватсап,инстаграмм желілері арқылы оқушылардың жұмыстары бағаланып, жағымды кері байланыс жасалып отырды. Мадақтама, алғыс хаттар да сол желілер арқылы жіберілді.

    Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп  айтқандай, әр ұлт өкілі ең алдымен өзінің ана тілін білу, қадірлеу, көзінің қарашығындай қорғау  керек.

 

      Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ӘБ жетекшісі: Аскарова Ж.Ж.

Жаңартылған күні: 16.02.2021 16:24
Құрылған күні: 10.12.2020 15:29

Текст