СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ «111»
Қазіргі кезде сенім телефондары тегін,кеңес беру және анонимді көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.Сондықтан сенім телефондары баланың құқын қорғау және қамту жүйесінің маңызды бөлімі болып есептеледі.
2016 жылдың 20 қарашасынан қиын өмірлік жағдайда түскен балаларға арналған бірыңғай номер CaLL –center «111» жұмыс істей бастады, бала құқықтары бойынша Уәкілетті құрылған, ҚР Үкіметінің қолдауымен, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Уәкілетті БҰҰ Балалар қоры қолдауымен.
«111» номері бойынша әрбір бала және ересек адам көмек сұрай алады, кез келген уақытта қалалық және мобильдік телефондар арқылы хабарласа алады.
«111» номеріне ҚР кез келген елді мекенінен стационарлық және мобильдік телефондар арқылы хабарласа алады, жасөспірімдер және олардың ата-аналары,басқа азаматтар шұғыл көмек ала алады.Жеке құпиялылық, қолжетімділік және тегін - 111 шұғыл қызметі жұмысының үш негізгі қағидасы.
Қысқа мерзімге қарамастан 111 сенім телефоны көп жұмыстар атқарды және балаларға үлкен көмек көрсетілді.
2017 жылдың 10 айы бойынша шұғыл қызмет операторлары 7042 жіктелген өтініштерді қарастырды. (барлығы 1 млн.743 мың.471 қоңырау). 4102 өтінішке операторлар жауап берді. Негізінен бұл сұрақтар ақпараттық және анықтамалық /балалар құқын қорғау/ сұрақтары бойынша.
Сенім телефондарының заңгерлері 711 сұраныс бойынша кеңес берді. Хабарласушыларға нормалар, заңнамалық талаптар түсіндірілді,лауазымдық тұлғалардың әрекеттерін қарастыру тәртібі /әрекеттенуі/, даулы жағдайлар туындағанда, шешу жолдары айтылды,талап арызды құрастыруда әрекеттесу көрсетілді.
Ақпараттық және кеңес беру өтініштерін қанағаттандыруға төтенше жағдай операторлары Білім базасын қолданады /қажетті ақпаратты қорыту: балаларды қорғау сұрақтары бойынша заңдар,анықтамалық мәліметтер.т.б./
Балалар құқығы бойынша Уәкілеттілік кеңсесінің эл.мекенжайы: balaombudsman @gmail.com
КММ Красный Яр № 2 орта мектебінің
психологиялық қызмет көрсету кеңсесі
(З. Балиева балалар құқығының Уәкілеттілік
кеңсесінің құжаттар бойынша)