"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

№ 2 Красный Яр орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәні бірлестігінің 2016-2017 оқу жылы бойынша жұмыс талдауы

26.05.2017

Мектепте жыл басынан бастап «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасы мен стандарты бойынша  сабақ кестесіне еңгізіліп, сыныптар топқа бөлініп оқытылып келді.

Қазіргі таңда 0-4 сыныптарда 16, 5-11 сыныптар бойынша «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беретін   - 3 мұғалім бар.

Өзін-өзі тану сабағының  міндеттері: өзін, айналасындағы адамдарды сүюге  және түсінуге, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге;  сүйіспеншілікпен әлемді қабылдауға және өмірден қуаныш алуға  тәрбиелеу.

Мектепте «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бірлестік жоспары жасалып, осы жоспар бойынша жұмыстар, іс-шаралар  жасалды. Бірлестік жоспарына сай «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беретін мұғалімдер  баяндамалар оқып, сабақтар жүргізді.  2-13 ақпан  аралығында «Өзін-өзітану»  пәні  бойынша онкүндік  өткізілді. Онкүндік  өткізуге іс-шаралар  жоспары  құрылып, сол жоспар  бойынша  2 ақпан  «Махаббат  және Шығармашылық  педагогикасы»  атты жалпы  мектепшілік  саптүзеумен өзін-өзі  тану  онкүндігінің    салтанатты ашылуы  басталды.  Бұл онкүндіктің  мақсаты  оқушыларға «Өзін-өзі тану»  пәні арқылы  рухани-адамгершілік  тәрбие мен  білім  беру, сүйіспеншілікке,   сезімталдыққа, нәзіктікке, мейірімді  болуға тәрбиелеу. 

3 ақпанда  мектеп  кітапханасында «Мейірім төгетін   ана» атты  кітап  көрмесі  ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларына мектеп кітапханашысы Тлеубаева Қ.У кітап көрмесімен таныстырды. Әңгіме  Назарбаева  Сара Алпысқызы туралы айтылды. Сара  Алпысқызының  өмірбаяны, «Бөбек»  қорының президенті, «Өзін –өзі  тану»  оқулығының және  бірнеше  кітаптардың авторы  екені жайлы айтылып,   1998 жылы «Мейірман  Ана»  атағына ие  болғаны  жөнінде  әңгімеленді.

 4 ақпанда 2-7 сынып оқушылар арасында «Алтын   жүрек  анамыз» мәнерлеп оқу   сайысы  өтті. Оқушылар   аналарына, достарына, мейірімділікке   арналған  өлең  шумақтарын  мәнерлеп, нақышына  келтіріп орындады. Сайыс жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.

 Бірінші орынға ие болған балалар: Краснова Анастасия 2 «Б» сынып оқушысы, Ким Леонид 3 «В» сынып оқушысы, Ғалым Асхат 3 «Б» сынып оқушысы,  Паламарюк Руслана 6 «Б» сынып оқушысы, Антипова Карина 4 «Б» сынып оқушысы.

Екінші орын: Муратова Нұрай 2 «А» сынып оқушысы, Муратов Данияр  3 «А» сынып оқушысы, Жасуланова Аяжан 4 «А» сынып оқушысы, Звягина Юлия «6 «Б» сынып оқушысы.

Үшінші орын: Шинкарев Роман 3 «В» сынып оқушысы, Естаева Камила 3 «Ә» сынып оқушысы, Сайран Айдана 5 «А» сынып оқушысы, Есентаева Айлана 7 «А» сынып оқушысы.

6 ақпанда  «Ана», «Бейбітшілік»,  «Достық», «Мейірімділік» тақырыбында 1-4 сыныптар  арасында  сурет көрмесі  ұйымдастырылды.

7 ақпанда  оқушыларды патриотизмге, адамгершілікке, қайырымдылыққа  деген  оң  көзқарасын  қалыптастыру  мақсатында  жоғары  сынып оқушыларымен   «Жақсылық жасау әр адамның ісі»  тақырыбында  пікірталас  өткізілді.

8 ақпанда  оқушылардың  денсаулығын жақсарту мақсатында, сыныптан тыс уақытта 2-3 сынып  оқушылары бассейнге барды. Спорт кешеніне барған оқушылар көтеріңкі көңіл-күйде болып, күндерін жақсы өткізді.

9 ақпанда 2-4 сынып оқушылары «Ертегілер еліне саяхат» жасады. Ертегілер «Муха Цокотуха», «Үйшік», «Кім күшті» - тақырыптарына  ұйымдастырған мұғалімдер Токушева Ж.К, Мугжанова Ж.Т, Бобошко В.С, Байгужина А.Ж,  Обатнина Т.Н. мұғалімдері  өткізді.

10 ақпандаашық  сабақтар «Доброта в нашем сердце» - Минько И.А,«Мейірімділік – асыл қасиет»- Кошанова А.Е, «Батылдық пен өжеттілік»,  «Учимся прощать»-Бобошко В.С,  «Өнерлі бала сүйкімді» - Мажикова С.С., «Путь любви и добра» - Рудницкая О.П., «Жүрек жылуы»- Токушева Ж.К.  және т.б. тақырыптарға өтті. Апта бойы «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық іс-шаралары жүргізіліп, демеушілерден балаларға киім, аяқ-киім және ойыншықтар түрінде  сыйлықтар берілді. Қайырымдылық іс-шарасына мектепте белсене қатысқан 3 «А», 4 «А», 4 «Б» 5 «Б», 8 «А», 6 «А» сынып оқушылары.

Онкүндіктің жабылуында жоспарланған іс-шаралардың қорытындысы бойынша мектеп оқушылары мақтау қағазымен марапатталды.

Денсаулық күніне Кошанова А.Е., «Салауаттылық менің қалауым» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар, қаңтар айынан- маусым айына дейін  «Қазақстан-  мейірімділік мекені» атты Республикалық балалар бастамасы өткізілді. Іс –шараның мақсаты: қоршаған ортаға мейірімділікпен қарауға,балаларды игі істер істеуге, табиғатты аялауға, қорғауға   насихаттау болатын. Іс-шараға арнайы жоспар құрылып,  сол жоспарға  сай барлық мұғалімдер мен оқушылар  іс-шараларға атсалыса қатысты.

Іс-шараның жоспарымен  сап түзеуде балалар және мұғалімдер таныстырылып, апта сайын оқушылар мен өзін-өзі тану мұғалімдері, сынып жетекшілер  игі істер шараларына қатысып балалардың өздеріне жауапкеркершілік алуға, қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға, қолұшын бере білу сезімдерін дамытты.

1-11сыныптарда «Мейірімділік жаса» атты сынып сағаттары, 1 - 6 сынып оқушылары арасында «Мейірімділік әлемді сақтайды» атты сурет сайысы, 7-11 сыныптар арасында «Жақсылық деген не?»  тақырыбына шығармалар сайысы, жоғары сынып оқушыларымен «Игі іс жаса» акциялары т.б көптеген іс-шаралар өткізілді.

Оқу жылының соныңда өзін-өзі тану пәнінен барлық оқушылар сыналды. Жыл бойы мұғалімдер  өздерінің сабақтарына шығармашылықпен қарап, балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында қосымша мәліметтерді қолданып  өткізді. Келесі оқу жылында рухани-адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие жұмысын жалғастыру, әріптестердің сабақтарына белсенді қатысу, тәжірибелерімен бөлісу, сынып портфолиосын толтырылуын бақылау қажет.

Просмотров: 235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

https://5bf7b0e5a2a6410bb6e81a7b0671f873.elf.site

16.09.2024 күні 5-8 сыныбында «Буллингтен қорған» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: - балалардың қорлау, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру; - қорқыту жағдайларынан шығу жолдарын табу қабілетін дамыту; - құрбылар

Ұйымдар тізімі
Текст