Ақмола облысы білім бөлімінің Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» 
Ақмола облысы білім бөлімінің Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

07.05.2017

8«а» сынып оқушылары жетекшілері Ескендирова С.Б «Тыл еңбеккері», «Күміс  алқа» иегері, Шаймерденова Мадина Мусавировнамен кездесуге барып, келе жатқан мерекемен құттықтады. Өз өмірі жайлы әңгімелей отыра, сол сұрапыл жылдарды еске алып көзіне жас келді.

Мадина апа 1935жылы 01.05 туған. Ұлты -татар. Жасынан ер адамның жұмысы демей, токарь болып жұмыс істегенін баяндады. Тың игеру жылдары Қазақстанға келгендігін айтып, қиын жұмыстарды аянбай істегендерін айтты. Сұрапыл соғыста Ленинградта әкесі қаза тапқанын естігенде балалығы артта қалып, ерте есейгендігін күрсініп еске алды. Оқушылар көптеген сұрақтар қойды, Мадина апа оларға тұшымды жауап беруге тырысты.

«Күміс алқа», «Тыл еңбеккері» ордендерінің иегері қазірде 6 бала тәрбиелеп, 14 немере сүйіп отыр. Балалар өздерінің тілектерін айтып, естелікке суретке түсті.

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст