Сәуір 2 апта
Мектепте игі істерді насихаттау апталығы өтті, балалар бір-біріне мақтау сөздер мен ізгі тілектер айтып, бастауыш сынып оқушыларына сыйлықтар берілді. Оқушылардың ешқайсысы шарадан тыс қалмады: олар өздерінің сөйлеу тілінде «сиқырлы» сөздер «Өтінемін!», «Рахмет!», «Мейірімді болыңыз !» деген сөздерді қолданды. Сыныпта мұғалімдер «Сыпайылық минутын» өткізді. Бірінші болып өздері сыпайы сөдерді қолданып, үлгі көрсетті. Бұл күні балалар мен ересектер бір-біріне алғыс сөздер айтуға, жақсылық жасауға үйренді, әр алғыс сөз қуаныш әкеледі, адамдардың өзі-өзіне сенімді болуына көмектеседі.
Аз қамтылған отбасылар балаларына арналған «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында ЖШС «Стерх», ЖШС«Аксай -Нан», Красный Ярдағы жиһаз цехына балалар саяхатқа барды. Негізгі мақсаты -оқушыларды оның өнімдерімен, жағдайлары мен жұмыс орнының тарихы мен келешектегі даму жоспарымен таныстыру болды.