№2 Красный Яр орта мектебінде 10А сынып оқушылары тарих мұғалімі Б.Е.Иманжанова мен «Азамат» жобасымен наурыз айы жұмыс жасап 6 сәуірде мектеп ішінде қорғады.
Осы жобада олар әлеуметтік проблема ретінде Красный Яр селосында қоқыс мәселесін көтерді.
10А сыныбында 12 оқушы, осы жобаға бәрі белсенді қатысты. Оқушылар Красный Яр селосының әкімі Абуов Қ.К кездесіп осы мәселе бойынша пікір алысты. Және Ашимова Диляра жергілікті тұрғындармен сұхбаттасты. Нұртай Нұрдина, Ескендиров Касен қоқыс туралы мәліметті әртүрлі ақпараттан жинады. Есимсеитова Айгерім Красный Яр селосындағы емхана қызметкерлерімен сұхбаттасу өткізіп қоқыстың адамға қандай зиян келтіретін білді. Ашкен Фархат учаскелік полиция қызметкері Қабдылов С.Ө. кездескен және тұрғындардың тазалық ұстау ережелерді бұзған үшін жауапкершілігі туралы танысты. Ал Екпинов Жалғас, Кабешев Жарас, Шарипова Асем портфолионың демонстрациялық стендін жасауға көмектесті.
Сынып портфолиосын имитациялық қоғамдық тыңдалымдар презентацияға Красный Яр селосының әкімшілігінің маманы Жұмажан Саягүл Ертайқызы және мектеп директорының тәрбие жұмысының орынбасары Аскарова Жанар Жекешевна қатысты. Ауызша презентацияға тағы қатысты 9А сынып оқушылары.
Ауызша презентацияға қатысқан спикерлер:
1. Проблеманы түсіну- Ашимова Диляра, Жылқыбай Томирис.
2.Балама саясатты талдау – Екпинов Жалғас, Сапаргалиев Жан.
3.Сынып саясаты – Ашкен Фархат, Омирбеков Муратбек.
4. Іс-әрекет жоспарымыз- Ескендиров Касен, Кабешев Жарас.