Құрметті ата- аналар!
Психологиялық қолдау – сіздің балаңыздың ҰБТ тапсыруда табысты болуын белгілейтін ең маңызды факторлардың
бірі.
Балаға қалай қолдау көрсету керек?
· Оның күшті жақтарын тірек етіңіз.
· Балаңыздың қалт кеткен тұстарын басып айтудан алшақ болыңыз.
· Отбасында жайма – шуақ, достастық ахуалын орнатыңыз.
· Үйде сабаққа арнап қолайлы орын бөліңіз.
· Пән бойынша тест тапсырмаларының әр алуан нұсқаларын дайындаңыз.
· Балаңызға тақырыптарды күндерге бөлуге көмек көрсетіңіз.
· Қатаңдық пен мейірімділік қатар жүрсін, бірақ сот төрешісі рөлінен аулақ болыңыз.
· Балаңызды қолдап, оның ішкі көңіл – күйін түсінетіңдігіңізді көрсетіңіз.
· Баланың ҰБТ алдындағы қобалжуын күшейтпеңіз – бұл оның нәтижелеріне жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Жүйке жүйесін қалыпты жағдайға келтіретін жаттығулар.
Орындыққа отырып, арқаңызды тік ұстаңыз, қолдарыңызды еркін ұстап тізелеріңізге алақандарыңызды жоғары қаратып қойып, басыңызды тік ұстаңыз.
Жаттығу алдында терең, толық дем алыңыз. Одан кейін (4-6 секунд) ішінде мұрын арқылы демді 2-3 секунд ұстап, ақырын шығарыңыз. Осы жаттығуды бірнеше рет әрбір 2-3 секунд сайын қайталау керек. Бұл жаттығу 3-4 минуттан аспау керек. Осы жаттығуды үнемі жасап жүрсеңіз, өзіңізді қалыпты жағдайға келтіре аласыз.
Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын жаттығулар.
1. Мәтінді оқу үшін (мысалы 1 бет) қанша сөйлем бар екенін сана, өзіңді тексер.
2. Мәтінді оқығанда қанша етістіктер бар екенін сана. Өзіңді тексер.
3. 15-20 сөйлем оқып, мәтінді түсіндір. Тағы бір рет оқып, түсіндір. Егер 3-ші ретте, оқығанда мәтіннің мазмұны берілген мәтінге жақын болса, онда сіздің көру және байланыстырып айту, есте сақтау қабілетіңіз жаман болмағаны.