"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Емтихан тапсыруға дайындық

06.04.2017

Емтихан тапсыруға дайындық.

Алдымен сабақ оқуға ыңғайлы орын дайында: үстелдің үстінен артық заттарды ал, керекті кітаптарды дәптерлерді, қағаздарыңды, қалам саптарыңды ыңғайлап жина.
• Бөлмеге сары, ақшыл, күлгін түстерді енгізуге болады. Ол түстер адамның интеллектуалды белсенділігін көтереді. Сабақ жоспарын құр. Дайындықтың әр күніне жоспар құрып, оқылатын тақырып нақты және анық болу керек.
• Ең қиыннан, өзің нашар білетін тақырыбыңнан баста. Егер саған қиын болса өзіңе қызық және ұнайтын тақырыптан баста.
• Оқу мен демалысты ауыстырып жүр. Қырық минут сабақ оқу, он минут демалыс. Осы уақытта ыдыс жууға, су құюға, денеңді шынықтыруға, билеуге болады.
• Оқығаныңды жаттап алу міндет емес. Мүмкіндігінше қағазға жоспар құрып, схема сызып, материалдың құрылымын дайындаған жөн.
• Әр пән бойынша әртүрлі жарияланған тестерді көбірек орында. Бұл жаттығулар сені тесттердің құрылымымен таныстырады.
• Секундомермен уақытты белгілеп тесттерді орындап жаттық (тапсырмадағы А мен Б бөлімдеріне екі минут керек).

• Емтиханға дайындалу кезінде ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өзіңе салтанатты жағдайды елестет.
• Емтиханға дейін барлығын қайталауға ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалдыру керек.

Емтихан қарсаңында:

• Тестке 1 күн қалғанда жақсылап ұйықтап демал. Таза  ауада  достарыңмен, ата-анаңмен серуенде.
• Тест күні күндегіден ерте тұру керек.
- салқын сумен жуыну керек.
- гимнастикалық жаттығулар жасау керек.
- дұрыстап тамақтану керек.
• Тамақтану үлгісі:
- аса майлы тамақ жеуге болмайды немесе мүлдем тамақтанбауға  да  болмайды.
- жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.

• Қатты қобалжығандықтан сендерде тәбеттің болмауы мүмкін  бірақ, тамақтанбауға  болмайды.
• Емтихан бұл - өмірлік күресте өз мүмкіндігіңді, қабілетіңді көрсете білу.
• Емтихан тапсыратын жерге кешікпей жарты сағат ерте баруын керек.
• Ойыңды жинақта! Бланкті толтырғаннан кейін, өзіңе түсініксіз жағдайларды анықтағаннан соң, ойыңды жинақтап және айналаңдағыларды ұмытуға тырыс.
• Сен үшін тек қана мәтін тапсырмасы, сағат және тестті орындау регламенттік уақыты болуы керек. Уақыттың қаталдығы сенің сапалы жауаптарыңа әсер етпеу керек. Жауап жазар алдында сұрақты екі рет қайталап, және өзің дұрыс түсінгеніңе, сенен не керектігіне көзіңді жеткіз.
• Ең оңайынан баста! Көп ойланатын сұрақтарға тоқталмай, өзіңе оңай деген сұрақтардан баста. Содан кейін сен тынышталасың, басың анық және жақсы жұмыс істей бастайды, жұмыстың ырғағына кіресің. Есіңде сақта: мәтінде сен міндетті түрде орындай алатын сұрақтар табылады.

• Тапсырманы аяғына дейін оқы! Асығыстық жасамай тапсырманың шарттарын түсінуге тырыс. Оңай сұрақтардан қате жіберу осы әдіске тікелей байланысты.
• Алдыңдағы тапсырманы ғана ойла! Жаңа тапсырманы көргенде өтіп кеткен қиыншылықтарды ұмыт. Тесттегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес. Сондықтан бір сұраққа қолданған білімің 2-ші сұраққа көмектеспейді. Психологиялық эффект мына кеңесті саған ұсынады - өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әр жаңа тапсырма, ұпай жинауға берілген мүмкіндік деп ойла.

Психологиялық кеңес.

• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

https://5bf7b0e5a2a6410bb6e81a7b0671f873.elf.site

16.09.2024 күні 5-8 сыныбында «Буллингтен қорған» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: - балалардың қорлау, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру; - қорқыту жағдайларынан шығу жолдарын табу қабілетін дамыту; - құрбылар

Ұйымдар тізімі
Текст