"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Баланы нашар ортаның жағымсыз әсерінен қалай қорғау қажет?

17.01.2017

Баланы  нашар ортаның жағымсыз әсерінен қалай қорғау қажет?

Жасөспірімдік жасқа тән қарсы шығу жағдайларының салдарынан кейде тіпті түсінетін және мейірімді ата-аналардың өзі балаларының жаман ортаға тап болғандығын  бірден біле алмайды.

1-КЕҢЕС. Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге зер салып қараңыз.  Оның көңіл-күйінің күрт ауытқуы, көңілсіздік, оның бойында бұрын байқалмаған өзге реакциялар сізді алаңдатуы тиіс.

2-КЕҢЕС. Балаңыздың бойында бас тарта білу қасиетін жаттықтырыңыз. Көп жағдайда жаман ортаға тап болудың алғашқы қадамы  «Сенің қолыңнан келмей ме?» деген сөзге тиісті тойтарыс бере алмаудан болатындығын өмір көрсетіп отыр.

3-КЕҢЕС. Баланың жаңа ортасына қатысты уақытынан бұрын байбалам салмаңыз. Жағдайға толық қанығыңыз. Араласатын ортасы жөніндегі жағдайды айқындау үшін, баламен айқайсыз, балағатсыз, жазғырусыз жақын тартып сөйлесу қажет.  Сіздің ашуыңыз жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін, жасөспірімдер әу бастан барлығына, соның ішінде сізге де ерегісіп қарсы әрекет етеді; сіздің қатты ашуыңыз оның өзінің дұрыстығын дәлелдеуге құштарлығын күшейте түседі, баланы одан сайын желіктіреді.

4-КЕҢЕС. Балаңыздың жаңа ортасы туралы жеке және объективті пікір қалыптастыру мүмкіндігін алу үшін, балаңыздың жаңа ортасындағы балалармен танысуға тырысыңыз. Олармен еркін сөйлесу үшін, қонаққа шақырыңыз, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырыңыз. Егер жасөспірім ата-анасының достарымен жақын танысқандығын қаламаса, жаңа достарын үйіне әкелгісі келмесе, бұндай жағдайда сырттай таныстықпен шектелуге тура келеді. Баланың оның достары туралы әңгімелерін мақтаңыз, оның пікіріне құлақ түріңіз.

5-КЕҢЕС. Сіздің жасөспірімнің кіммен араласу керектігін шеше алмайтындығыңызға қарамастан, балаңыздың санасына достар таңдаудағы дұрыстыққа күмәнмен қараушылықты дарыту қолыңыздан келеді, бұған күмәніңіз болмасын.

6-КЕҢЕС. Балаға деструктивті қарым-қатынастың баламасын көрсетіңіз. Оның назарын спортқа немесе өзге қызықты іске аударыңыз: оның қызықты жорықтарға баруына, дамытатын үйірмелерге (тіл, шығармашылықты дамыту және т.с.с)  жазылуына  жағдай туғызыңыз.

7-КЕҢЕС. Балаңызды бірлескен демалыс іс-шараларына шақырыңыз – жиі-жиі бірге киноға, концерттерге барыңыздар.

8-КЕҢЕС.  Әрбір ата-ана қандай әдістердің анық жұмыс істемейтіндігін білуі тиіс:

 – достарымен кездесуге үзілді-кесілді қарсы шығып, дүрсе қоя беруге болмайды;
– баланы үйге қамап қоюға болмайды;
– жазалаудың ұрып-соғу әдістерін қолдануға болмайды.

9-КЕҢЕС. Спортпен шұғылдану – лайықсыз, деструктивті ортаның орнын ауыстыратын тамаша балама.

10-КЕҢЕС. Ылғи туындайтын қиындықтарға мойымаңыз! Үмітіңізді үзбеңіз, балаңызға деген сүйіспеншілік пен сыйластықты жоғалтпаңыз. Жасөспірім бұзатын ережелерді, бұзуға тырысатын өзін ұстау шеңберлерін ата-ана жаңаша бағалауы тиіс. Баламен бірлесіп өзара қарым-қатынастың жаңа ережелерін жасап шығару қажет. Ата-аналардың икемге келмеуі және өз пікірінде сіресіп қалуы жасөспіріммен эмоционалдық және физикалық байланыстың толығымен жоғалуына әкеп соғады.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Кішкентай келіспеушіліктердің отбасындағы үлкен жанжалға ұласатын күнделікті тұрмыстағы жағдайлар ата-аналарда шыдамдылықтың, төзімділіктің, қамқорлықтың және әдептіліктің жетіспеушілігінен  болады. 

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

https://5bf7b0e5a2a6410bb6e81a7b0671f873.elf.site

16.09.2024 күні 5-8 сыныбында «Буллингтен қорған» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: - балалардың қорлау, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру; - қорқыту жағдайларынан шығу жолдарын табу қабілетін дамыту; - құрбылар

Ұйымдар тізімі
Текст